русский язык
Бокс

«Орта салмақ королімін». Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

«Орта салмақ королімін». Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлімханұлы орта салмақтағы танымал боксшыларды жекпе-жекке шақырды. Жәнібек Джермалл Чарло мен Сауль Альваресті болашақтағы басты қарсыласы санайды.

«Чемпиондар мен жұлдыздар қайдасыңдар? Мен келе жатырмын, жекпе-жек өткізейік. Орта салмақта корольмін, келесі кім? Кез келген күні шығамын. Кез келген салмақ дәрежесінде кез келген қарсыласпен бокстасуға дайынмын», - деді Әлімханұлы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;