Әлем чемпионаты: Чехия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Жексенбі, 14 мамырда Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатында Чехиямен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чехия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 23:20-да басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы турнирді сенсациялық жеңіспен бастады: буллит сериясында Норвегияны жеңді - 4:3. Ал Чехия құрамасы турнирдегі алғашқы ойынында Словакияны 3:2 есебімен ұтты. Сондай-ақ, Қазақстан топта Швейцария (16 мамыр), Канада (17 мамыр), Словакия (19 мамыр), Латвия (20 мамыр) және Словения (22 мамыр) құрамаларымен ойнайды. Топтан үздік төрт команда плей-оффқа өтеді.