Қазақстан чемпионын «бауырсақ» деп атаған ресейлік файтер жаңа видео түсірді

Танымал поп-ММА файтері Даниял «Т-34» Эльбаев (9-5) жартылай ауыр салмақтағы OCTAGON лигасының чемпионы Карим Рузбакиевке (9-1) үн қатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік файтер қарсыласының трешток айтуын сынап, Еуразиялық жекпе-жек промоушенінің файтерін сынға алды.
Айта кетейік, бұған дейін Карим Рузбакиев бұқамен видео түсіріп, Эльбаевты бауырсақ жемей, жаттығуға баруға шақырған болатын.
Еске салайық, файтерлердің жекпе-жегі 27 мамырда Алматыда өтетін OCTAGON 45 турнирі аясында жоспарланған.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық Дамир Төленов (9-0) қырғыз аралас жекпе-жек файтері Алманбет Абдываси уулумен (11-6) жекпе-жек өткізіп, жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атағын қорғайды.