Әлем чемпионаты: Алтыншы жарыс күнінің тікелей трансляциясы

13 мамырда Дохадағы дзюдодан әлем чемпионатында ерлер арасында 100 келіден жоғары және әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аса ауыр салмақтағы ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық Ғалымжан Қырықбай өнер көрсетеді. Ал әйелдер арасындағы 78 келіден жоғары салмақта Қазақстан атынан Камила Берліқаш пен Ақерке Рамазанова бақ сынайды.
Іріктеу белдесулері Астана уақытымен 14:30-да, финалдық белдесулер 21:00-де басталады. Катар астанасынан Qazsport телеарнасы тікелей транслияция ұсынады.