Финляндия 2019 жылдан бері алғаш рет халықаралық турнирлерде негізгі уақытта жеңілді

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңінің ашылу матчында Финляндия құрамасы АҚШ құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл финдердің соңғы үш әлем чемпионаты мен Олимпиададағы негізгі уақыттағы алғашқы жеңілісі болды. Соңғы рет Финляндия 2019 жылғы әлем чемпионатының негізгі уақытында Германиядан жеңілген болатын.
Айта кету керек, Финляндия құрамасы әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының қазіргі жеңімпазы.
Келесі турда АҚШ құрамасы 14 мамырда Венгрия құрамасымен, ал 13 мамырда Финляндия Германиямен ойнайды.