Екі қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Джинджу қаласында (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында 109 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірден екі қазақстандық ауыр атлет медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Артем Антропов күміс медаль жеңіп алды, алты тәсілдің бес тәсілін орындады, оның нәтижесі 399 (172+227) келі болды.
Үздік үштікті жалпы 390 (169+221) келімен Андас Самарқанов түйіндеді.
Бұл санаттағы «алтынды» 2016 жылғы Олимпиада чемпионы өзбекстандық Руслан Нурудинов иеленді.
Еске салайық, бүгін тағы бір қазақстандық ауыр атлет ерекшеленді. Нұрғиса Әділетұлы 102 келіге дейінгі салмақта екі жаттығудың қосындысында 400 (181+219) келіні көтеріп, алтын жүлде жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или