Дзюдо

Дохадағы әлем чемпионатының алтыншы күні Қазақстан үшін медальсіз аяқталды

Дохадағы әлем чемпионатының алтыншы күні Қазақстан үшін медальсіз аяқталды

Бүгін Дохада (Катар) дзюдодан әлем чемпионатының соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасында 100 келіге дейінгі салмақта және әйелдер арасында 78 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын Нұрлыхан Шархан мен Аруна Жангелдина қорғады. Екеуі де екінші айналымнан бастады.

Алайда, Жангелдина алғашқы белдесуде жеңілсе, Шархан ширек финалда дзюдодан екі дүркін Олимпиада чемпионы чехиялық Лукаш Крпалекке есе жіберді. Осыдан кейін ол қола медаль үшін кездесуде жеңіліп, күннің соңында жетінші болып мәреге жетті.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар бұл әлем чемпионатында әзірге жүлдесіз, біздің құраманың ең жоғары көрсеткіші – бесінші орын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0