Бокс

Махмұд Сабырхан әлем чемпионын жеңіп, финалға шықты

Махмұд Сабырхан әлем чемпионын жеңіп, финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

2021 жылы Белградтағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан бокстан Ташкенттегі әлем біріншілігінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

54 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Махмұд 2017 жылғы әлем чемпионы кубалық Йосвани Вейтиямен кездесті. Сабырхан қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді - 5:0.

22 жастағы қазақстандық енді финалда Дмитрий Двали (Ресей) - Ойбек Джураев (Өзбекстан) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Ташкенттегі турнирдің финалына Санжар Тәшкенбай шыққан болатын. Бүгін кешкі сессияда Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай өз жекпе-жектерін өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер