Алыкулов «Қайраттан» кеткен соң мәлімдеме жасады

Қырғызстандық футболшы Гүлжігіт Алыкулов өзінің Instagram-парақшасында алматылық «Қайраттан» кетуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бәрі үшін рақмет, қымбатты «Қайратым»! Осы 2,5 жылда болған атмосфераны ұмытпаймын. Бәріне, әсіресе жанкүйерлер мен командадағы әріптестеріме алғыс айтамын!», — деп жазды Алыкулов.
Еске салайық, Алыкулов «Қайратқа» 2020 жылдың басында келген. «Сары-қаралар» сапында 99 матч өткізіп, 13 гол мен 9 нәтижелі пастың авторы атанған.
Алматылықтармен бірге Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алған, сондай-ақ УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнады.