Дзюдодан әлем чемпионатының төртінші күнінің тікелей трансляциясы
10 мамырда Дохада өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында ерлер арасында 81 келіге дейін, әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта медальдар сарапқа салынады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ерлер арасындағы бәсекеде 81 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Абылайхан Жұбаназар өнер көрсетеді. Жарыстың әйелдер бөлімінде 63 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын Есмигүл Куюлова қорғайды.
Бастапқы кезеңдердің жекпе-жегі Астана уақытымен 14:00-де, шешуші жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.
Қазақстан спортшылардың сайысын Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или