Бокс

Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты

Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты

Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалға шығу үшін Оралбай Түркия өкілі Каан Айкутсунмен белдесті. 80 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы жеңіске жетті.

Бүгін турнирде Қазақстанның тағы үш өкілі өнер көрсетеді: Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі) және Нұрқанат Райыс (75 келі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0