Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы үшінші жарыс күнінде медаль алмады

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші күнінде медаль ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін Қазақстан атынан үш спортшы өнер көрсетті. Жансай Смағұлов (73 келі) пен Бақыт Құсақбаева (57 келі) бірінші айналымда жарыс жолынан шығып қалды.
Данияр Шамшаев (73 келі) түрікиялық Умалт Демирелді жеңіп, екінші айналымға өткен, бірақ одан әрі өте алмады. Италиялық Мануэль Ломбардодан жеңіліп қалды.