Жас қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. ВИДЕО

Оңтүстік Кореядағы Чинджу қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапынан 73 келі салмақта Алексей Чуркин жүлдеге ілінді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерлер арасында жүлдеден үмітті спортшылардың бірі осы 73 келі салмақта сынға түскен Алексей Чуркин саналған Ислам ойындарының күміс жүлдегері осы салмақтағы үздіктердің бірі болып жарыс жолына шықты. Ол жұлқа көтеруді 146 келімен бастап, 154 келі нәтижемен аяқтап кіші күміс жүлдеге иелік еткен. Екінші жаттығуда 186 келіні басынан асырғанымен артынша екі мәрте 191 келі салмақ оған бағынбай кетті. Егерде осы салмақты көтергенде ол Азия чемпионы атанар еді. Қоссайыс қортындысы бойынша еншісіне 340 келі салмақты жазған Алексей Чуркин Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.