«Астана» құрлық біріншілігінің жеңімпазымен келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады

«Астана» құрлық біріншілігінің жеңімпазымен келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады

«Астана» клубының баспасөз қызметі Африка ұлттар кубогының 2021 жылғы қола жүлдегері, Камерун ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Самюэль Ум Гуэнің командаға ауысуы жөніндегі келіссөздер туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» футбол клубы БАҚ өкілдері жариялаған Самюэль Ум Гуэмен келіссөздер жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайтыны туралы хабарлайды. «Астана» баспасөз қызметі тек клубтың ресми ресурстарында жарияланған ақпараттарға сенуді өтінеді, – делінген клуб хабарламасында.

Қазіргі уақытта Самюэль Ум Гуэ Бельгия чемпионатында «Мехелен» клубында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0