ММА

Қазақстандық файтер ММА-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық файтер ММА-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда аралас жекпе-жектен OCTAGON 45 турнирі аясында қазақстандық Эмиль Умаев (1-0) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы қазақстандық Артур Телекаев (1-0) болады.

Айта кетейік, Эмиль Умаев тай боксының көрнекті өкілі және әуесқойлар арасындағы карьерасында Қазақстан, Қырғызстан, АҚШ, Азия чемпионы, сондай-ақ әлемнің вице-чемпионы атанған. Ол муай-тай және бразилиялық джиу-джитсудан АҚШ-та өткен түрлі турнирлерде жеңіске жеткен.

Еске салайық, турнирдің басты жекпе-жегінде Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (9-0) қырғыз файтері Адманбет Абдываси уулумен (11-6) жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды.

Кештің екінші жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы октагон лигасының чемпионы Кәрім Рузбакиев (9-1) ауыр салмақ дәрежесінде ресейлік поп-ММА жұлдызы Даниял «Т-34» Эльбаевпен (9-5) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1ХBet букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер