ММА

Қазақстан чемпионы мен ресейлік «Т-34» қатысуымен өтетін OCTAGON 45 ивентінің тизері ұсынылды

Қазақстан чемпионы мен ресейлік «Т-34» қатысуымен өтетін OCTAGON 45 ивентінің тизері ұсынылды

Еуразиялық аралас жекпе-жек промоушені Алматыда өтетін OCTAGON 45 турнирінің тизерін ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz

Естеріңізге сала кетейік, ауқымды жекпе-жек кеші 27 мамырда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде Дамир "Қазақ Сехудосы" Төленов (9-0) қырғыз файтері Адманбет Абдываси уулумен (11-6) жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды.

Кештің екінші жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы октагон лигасының чемпионы Кәрім Рузбакиев (9-1) ауыр салмақ дәрежесінде ресейлік поп-ММА жұлдызы Даниял "Т-34" Эльбаевпен (9-5) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG Sports спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1xBet букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0