Бокс

Әлем чемпионаты: үш боксшымыз шаршы алаңға шығады

Әлем чемпионаты: үш боксшымыз шаршы алаңға шығады

Бүгін бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының бесінші жарыс күні басталады. Шаршы алаңға үш қазақстандық боксшы шығады.

Күндізгі сессияда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Серіктің қарсыласы - малилік Абдул Батили.

Сондай-ақ бүгін егіздер Айбек пен Нұрбек Оралбай да сынға түседі. 92 келідегі Айбек бұл чемпионаттағы екінші жекпе-жегін италиялық Мухиддин Азиз Аббеске қарсы өткізеді. 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Нұрбек Оралбай әзірбайжандық Мұрад Аллахвердиевпен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0