Евгений Павлов кәсіпқой рингтегі оныншы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов кәсіпқой рингтегі оныншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз Гвадалахарада (Мексика) жергілікті спортшы Кевин Родригес Гарсиямен кездесті.
Suleimen Promotions командасы Instagram желісінде хабарлағандай, Павлов алты раундқа жоспарланған жекпе-жекті алғашқы нокаутта-ақ жеңіспен аяқтады.
23 жастағы павлодарлық спортшы профи бокста он жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ол сегіз жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқталды.