Бокс

«Жеңілісті мойындаймын»: Талғат Сырымбетов бокстан әлем чемпионатынан ұшып кеткеніне қатысты пікір білдірді

«Жеңілісті мойындаймын»: Талғат Сырымбетов бокстан әлем чемпионатынан ұшып кеткеніне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық әуесқой боксшы Талғат Сырымбетов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатында Азияның қазіргі чемпионы иорданиялық Мохамед Абу-Джехтен жеңіліп қалғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Талғат жеңілгенін мойындап, мықтырақ оралуға уәде берді.

«Бүгін өкінішке қарай мен жеңіліп қалдым. Төрешілердің шешімі туралы ештеңе айта алмаймын. Себебі жекпе-жек өтіп кетті. Жеңілгенімді мойындаймын. Барша қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Келесі жекпе-жектерге одан да күшті және мықты болып ораламын», деді Сырымбетов.

Әлем чемпионатына алғашқы рет қатысып жатқан боксшымыз 1/16 финалда Азия чемпионы - иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехқа есе жіберді. Осылайша, Талғат әлем чемпионатын аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0