Су добынан әлем чемпионаты: Қазақстан - Жаңа Зеландия матчының тікелей трансляциясы

Бүгін су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы Берлинде (Германия) өтіп жатқан су добынан әйелдер арасындағы әлем кубогының үшінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен кездесулерде Қазақстан құрамасы турнир қожайындары Германия (11:7) мен Ұлыбританияны (15:7) ұтқан болатын.
2 турдан кейін ұлттық құрама 6 ұпаймен топта екінші орынға жайғасты.
Қазақстан - Жаңа Зеландия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 21:30-да басталады.