«Алтай» клубтар арасындағы Азия чемпионатында 5-орын алды

«Алтай» волейбол клубы Виньфукте (Вьетнам) өтіп жатқан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионатында 5-9 орындар үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жапонияның «Хисамицу Спрингс» клубымен кездескен өскемендік команда 16:25, 25:21, 15:25 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық клуб турнирде 5-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, алдыңғы ойында «Алтай» ирандық «Пайканды» ұтқан болатын.