Бокстан әлем чемпионаты: екінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы ерлер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде 51, 63,5, 80 және 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астана уақытымен 14:00-де басталатын күндізгі сессияның А рингіндегі он бірінші жекпе-жекте 86 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда қазақстандық Сағандық Тоғамбай Конго Демократиялық Республикасының өкілі Натан Нланду Мбелимен жұдырықтасады.
Елорда уақытымен сағат 19:00-де басталатын кешкі сессияда А рингінің алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық Санатәлі Төлтаев израильдік Ахмад Штивимен кездеседі. Бұл жекпе-жек 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/32 финал аясында өтеді.
Ташкенттен тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасы жүргізеді, эфирді мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады. Сондай-ақ жекпе-жектерді Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) сайтында мына сілтемелер бойынша тікелей эфирде көруге болады: A рингі, B рингі.
Фото instagram.com/sanatali_toltayev