ММА

«Қайрат» қақпашысы «Ақжайыққа» қарсы ойын туралы айтты

«Қайрат» қақпашысы «Ақжайыққа» қарсы ойын туралы айтты

«Қайраттың» ресейлік қақпашысы Вадим Ульянов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан кубогы 1/8 финалындағы «Ақжайыққа» қарсы ойын (0:0) жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

– Вадим, «Ақжайыққа» қарсы өткен ойын туралы пікір білдірсең.

– Жасанды алаң мен 30 градустық ыстықта ойнау – қиын. Дегенмен өтуіміз керек болды, ақырында өттік. Біздің жанкүйерлер оңай өтеді деп ойлаған шығар, бірақ Кубокқа барлық командалар әрқашан ерекше дайындықпен шығады. «Ақжайық» екі жақсы кездесу өткізіп, бізге көп қиындық тудырды.

– Қарсыластың деңгейін қалай бағалар едің?

– «Ақжайық» өте жинақы ойнайтын команда. Бұл командада Премьер-лигада көп маусым өткізген тәжірибелі ойыншылар бар. Жас ойыншылардың да деңгейі жақсы.

– Кубоктың 1/4 финалына шығып, енді «Атыраумен» кездесесіңдер. Чемпионаттың бірінші кезеңінде 2:2 есебімен тең ойнадыңдар. Бұл текетірес алдындағы ойың қандай?

– «Атырауға» қарсы матчтар қиын болмақ. Оларды екі рет жеңіп, жартылай финалға шыға аламыз деп үміттенемін.

– Болашаққа деген мақсаттарың қандай?

– Мен футбол ойнап, командама пайда әкелгім келеді!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0