Евсеев Прагадағы турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Прагада өтіп жатқан турнирдің іріктеу кезеңінен аса алмады деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз іріктеу кезеңінің жартылай финалында италиялық Федерико Гайодан жеңіліп қалды.
Айта кетейік, 2 сағат 6 минутқа созылған кездесу 0:6, 7:6,3:6 есебімен аяқталды.