Данилина Мадридтегі турнирдің бірінші айналымында жеңілді

Қазақстанның теннисші Анна Данилина Мадридте (Испания) өтіп жатқан WTA турнирінің жұптық сынында екінші айналымға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз Тими Бабошпен (Венгрия) бірге бірінші айналымда Марта Костюк (Украина)/Елена Рузе (Румыния) жұбынан жеңіліп қалды.
1 сағат 23 минутқа созылған кездесу 4:6, 6:4, 10:12 есебімен аяқталды.