Ташкенттегі Азия чемпионатының екінші күнінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды

Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде биіктікке секіруден Малюгина Арина 175 см көрсеткішпен күміс жүлдегер атанды.
Қазақстан құрамасына тағы бір күміс медальді 400 метрге екінші болып келген София Киденко әкелді.