Grand Prix Upper Austria турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі шықты

Grand Prix Upper Austria турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі шықты

Дзюдодан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы Линц қаласында 25-27 мамыр аралығында өтетін Grand Prix Upper Austria 2023 халықаралық турниріне қатысатын спортшыларды атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Бұл жарысқа Қазақстан атынан он төрт спортшы барады: Шерзод Давлатов, Дамир Болатбеков (екеуі де – 60 келіге дейін), Айболат Ыстыбай, Ермек Амангелді (екеуі де – 66 келіге дейін), Асқар Нарқұлов, Дархан Қойбағар (екеуі де – 73 келіге дейін), Руслан Мұсаев, Айбар Мұқышев (екеуі де – 81 келіге дейін), Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков (екеуі де – 90 келіге дейін), Бекарыс Сәдуақас, Бекзат Шағатаев (екеуі де – 100 келіге дейін), Жамбыл Тұрсынғалиев, Ерасыл Қажыбаев (екеуі де – 100 келіден жоғары).</span>

<span>Турнирге 34 елден келген 179 спортшы қатысады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или