Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Дзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасының бапкерлер штабы Қатар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем біріншілігі 7-14 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған.

Ерлер:

60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев

81 келі: Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team)

100 келі: Нұрлыхан Шархан

100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер:

48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі: Толғанай Әбеуова

57 келі: Бақыт Құсақбаева

63 келі: Эсмигуль Куюлова

70 келі: Анастасия Маякова

78 келі: Аруна Жангельдина

78 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

Айта кетерлігі, Дохада өтетін әлем чемпионаты Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы әлем біріншілігі болып саналады. Жарыс нәтижесі бойынша спортшылардың әлем және Олимпиада рейтингтеріне тиісті ұпайлар үлестіріледі. Атап айтқанда, әлем чемпионы – 2000, күміс жүлдегер – 1400, ал қола жүлдегер 1000 ұпайдан еншілейді.

<span>Фото fdk.kz</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или