Күрестен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына алтыншы алтын медаль түсті
Қазақстан құрамасы күрестен Астанадағы Азия чемпионатынанда алтыншы алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дархан Есенғали еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ финалында жапониялық Кирин Киношитаны жеңді.
Бұл 24 жастағы Дарханның ересектер деңгейіндегі ең үлкен жеңісі саналады.
Қазақстан құрамасының қоржынында алты алтын медаль бар. Жәмила Бақбергенова (72 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг), Ибрагим Магомадов (72 кг), Санжар Досжанов (70 кг) және Болат Сақаев (79 кг) финалда басым түскен еді.