Еркін күрес

Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астанада еркін күрестен Азия чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Болат Сақаев 79 келіге дейінгі салмақтың финалында 2020 жылғы Олимпиада чемпионы өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновпен кездесті. Жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Еске салайық, бұған дейін Санжар Досжанов (70 кг) өзбек балуаны Зафарбек Отахоновты жеңіп, құрамаға алтын медаль сыйлаған болатын.

Қазақстан құрамасының қоржынында бес алтын медаль бар. Жәмила Бақбергенова (72 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг) мен Ибрагим Магомадов (72 кг) финалда басым түскен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер