Геннадий Головкин Жәнібек Әлімханұлының жаттығу залына барды
![Геннадий Головкин Жәнібек Әлімханұлының жаттығу залына барды](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/201736_50899c57677c33f41c62dbb3f8bd2bc3.jpg?v=28700885)
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) жаттығып жатқан залға барды, деп хабарлайды Prosports.kz.
GGG Окснардтағы (Калифорния штаты) Джеймс «Бадди» МакГирттің жаттығу залына барды. Әлімханұлының бапкері Instagram желісінде аты аңызға айналған қазақстандықпен түскен суретін жариялады.