Рахмонов UFC чемпионы титулына қашан таласатынын айтты

Рахмонов UFC чемпионы титулына қашан таласатынын айтты

UFC-де бақ сынайтын қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Ләйлә Сұлтанқызының Youtube-арнасына берген сұхбатында жартылай орта салмақта лига чемпионы атағына таласуға қашан мүмкіндік алатынын айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Басты мақсатым <span>– титул алу.</span> Белбеу кімде болса, соны жеңіп алу керек. Қазір бұл титул Леон Эдвардсқа тиесілі. Белбеуді содан тартып алатын шығармыз. Қашан? Менің ойымша, тағы бір-екі жекпе-жектен кейін», - деді спортшы.

Айта кетейік, қазір Шавкат Рахмонов кәсіпқой ММА мансабында 17 жекпе-жек өткізді, оның бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Оның ішінде бесеуі UFC аясында өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или