Бердыев «Сочи» клубынан да кетті

Бердыев «Сочи» клубынан да кетті

Ресейлік «Сочи» футбол клубының бас бапкері Курбан Бердыев қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Metaratings-ке сілтеме жасап.

Курбан Бердыев «Сочи» тізгінінде РПЛ-де бес ойын өткізді: екі рет жеңіске жетіп (ЦСКА мен «Динамоны» 2:0 есебімен), үш рет жеңілді («Оренбургтан» 0:4, «Факелден» 0:3 және «Крыльев Советовтан» 1:2).

Самаралық клубтан жеңілген ойында жанкүйерлер Бердыевтің отставкаға кетуін талап еткені хабарланды. 

Айта кеетйік, бір жыл бұрын Курбан Бердыев «Қайрат» футбол клубын жаттықтырған болатын. Алайда 2022 жылғы маусымның ортасында ол алматылық клубтан кетіп, ирандық «Трактор» тізгінін ұстады.  

Бірақ 70 жастағы маман Иранда да жақсы нәтиже көрсете алмай, Ресей чемпионатына оралған. Енді жарты жылға толмай «Сочиден» де кетіп барады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или