Өзбекстанның атақты боксшысы екі чемпиондық титулынан айырылып қалды

Өзбекстанның атақты боксшысы екі чемпиондық титулынан айырылып қалды

АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өткен бокс кешінде өзбек боксшысы Муроджон Ахмадалиев Филиппин өкілі Марлон Тапалестен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек Boeing Center at Tech Port кешінінде өтіп, жеңімпаз төрешілердің шешімімен анықталған.

Нәтижесінде Филиппин өкілі Марлон Тапалестің асығы алшысынан түсті.

Ал кәсіби рингте алғаш рет жеңіліп отырған өзбек боксшысы екі титулынан айырылып қалды. Олар Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA Super) және Халықаралық бокс федерациясы (IBF) белбеуі.

Айта кетейік, кездесу басталғанға дейін спорт сарапшылары мен жанкүйерлер Муроджон Ахмадалиев жеңіске жетеді деп болжаған еді. Алайда Марлон Тапалес білгенінен жаңылмай, жоғарғы деңгейде өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или