Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстан медальдар саны бойынша 1-орын алды
Қазақстандық спортшылар Албанияда өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 7 алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сай, чемпионатта мына спортшылар жүлде иеленді:
Никита Абдрахманов:
- жұлқа көтеруде 1-орын (164 кг көтерді);
- серпе көтеруде 1-орын (205 кг көтерді);
- жалпы есеп бойынша 1-орын (369 кг).
Нұрдос Сабыр:
- жұлқа көтеруде 1-орын (145 кг көтерді);
- серпе көтеруде 2-орын (176 кг көтерді);
- жалпы есеп бойынша 2-орын (321 кг).
Таисия Алексеева:
- жұлқа көтеруде 2-орын (89 кг көтерді);
- серпе көтеруде 2-орын (112 кг көтерді);
- жалпы есеп бойынша 2-орын (201 кг).
Ерасыл Сәулебеков:
- жұлқа көтеруде 1-орын (137 кг көтерді);
- серпе көтеруде 1-орын (168 кг көтерді);
- жалпы есеп бойынша 1-орын (305 кг).
Дарья Балабанюк:
- жұлқа көтеруде 3-орын (78 кг көтерді);
- серпе көтеруде 6-орын (97 кг көтерді);
- жалпы есеп бойынша 4-орын (175 кг).
Нұрасыл Арапбай:
- жұлқа көтеруде 3-орын (120 кг көтерді);
- серпе көтеруде 5-орын (146 кг көтерді);
- жалпы есеп бойынша 4-орын (266 кг).