Алматыда кадеттер мен жастар арасында Азия кубогы өтеді
7-9 сәуір аралығында Алматы қаласы Балуан Шолақ спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған кадеттер мен жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтеді.
Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Греция, Гонконг, Грузия, Моңғолия және АҚШ-тан 400-ден астам спортшы қатысады.
Медальдардан басқа турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлері рейтингтік ұпайларға ие болады. Мысалы, турнир жеңімпазы 100 ұпай, күміс жүлдегер - 60 ұпай, ал қола медаль жеңіп алған дзюдошыға әлемдік рейтингте 40 ұпай беріледі.
Махмұтов Бекет Сапабекұлы 2009 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстанның дзюдо федерациясын басқарды, сондай-ақ Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарды. Айта кетейік, жарыс алтыншы рет өткізіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или