«Ақтөбе» барлық қарызынан құтылды

«Ақтөбе» футбол клубы ойыншылар алдындағы барлық қарызынан құтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың директорлар кеңесінің төрағасы Болат Мажағұлов мәлімдеді.
«Құрметті жанкүйер! Осыған дейін хабарланғандай, «Ақтөбе» футбол клубы ойыншылар мен бапкерлік штаб алдындағы қаңтар және ақпан айының еңбекақысы бойынша қарызды толық өтеді.

Сондай-ақ биылғы маусымның алғашқы үш матчының сыйақы борышын да төледі.

Қазір, өздеріңіз білетіндей, Қазақстан құрамасының іріктеу ойындарына байланысты чемпионатта үзіліс болды. Сәуірдің басында біріншілік қайта жалғасады» - деді Болат Бауыржанұлы клубтың баспасөз қызметіне.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или