русский язык
Теннис

Қазақстандық Елена Рыбакина АҚШ-та өткен турнирде жеңіске жетіп, әлемнің 7-ракеткасы атанды

Қазақстандық Елена Рыбакина АҚШ-та өткен турнирде жеңіске жетіп, әлемнің 7-ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет беларусьтік Арина Соболенконы жеңіп, Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші сетте теннисшілер тай-брейкке дейін барып, Рыбакина 13:11 есебімен жеңді. Ал екінші сетте Лена 6:4 есебімен басым түсіп, карьерасында алғаш рет WTA-1000 турнирінде топ жарды.

Ойын 2 сағат, 6 минутқа созылды.

WTA жаңартылған рейтингінде Елена Рыбакина жетінші орынға көтеріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;