«Тұран» «Түркістанды» сенімді жеңді

Бүгін Шымкентте футболдан Қазақстан кубогы бастапқы кезеңінің D тобындағы 1-туры аясында «Тұран» мен «Түркістан» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оңтүстік дербиінде «Тұран» 3:0 есебімен жеңді.
«Тұран» (Түркістан) - «Түркістан» 3:0 (1:0)
Голдар: Нүрмұғамет Рифат 27 (1:0), Диалло Адама 47 (2:0), Диалло Адама 49 (3:0).
Ескертулер: Холмурзаев Искандар 11.
Төреші: Жарылқасынов Самат (Шымкент), Үсенбаев Нұрхат, Әліқұов Ержан.
19 наурыз, 2023, 12:00. Шымкент, БИІК.
Фото: «Тұран» ФК