русский язык
Қысқы

Алматыда шаңғы акробатикасынан әлем кубогының финалына екі қазақстандық шықты

Алматыда шаңғы акробатикасынан әлем кубогының финалына екі қазақстандық шықты

Алматыда фристайлдан әлем кубогының финалдық кезеңінде шаңғы акробатикасынан әйелдер арасындағы жарыста іріктеу сындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу талпыныстарының нәтижесі бойынша қазақстандық әйелдер Жанбота Алдабергенова (79,06 ұпай, 8-орын) пен Аяна Жолдас (72,13 ұпай, 9-орын) финалға шықты.

Іріктеу кезеңіндегі австралиялық Даниэль Скотт (98,34 ұпай) үздік атанды, одан кейін канадалық Марион Тено (94,11 ұпай) және америкалық Кайла Кун (89,14 ұпай) орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;