русский язык
Бокс

Надежда Рябец келесі кезеңге өтті

Надежда Рябец келесі кезеңге өтті

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Надежда Рябец келесі кезеңге өтті.

Жастар арасында әлем чемпионы, Токио олимпиадасына қатысқан Н.Рябец 66 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Сён Суджинмен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жекте бірінші раундта төрешілер пікіріне орай Надежда басымдылық көрсетті – 3:2. Екінші кезеңде таразы басы кореялық боксшы жағына ауды – 2:3. Үшінші, шешуші раунд та қызу өтті. Қазылар аз-кем басымдылықпен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, әлем біріншілігі басталғаннан бері Қазақстаннан алты боксшы рингке шықса, олардың бәрі де келесі кезеңге жолдама алды.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;