Теннис

Әлемнің бірінші ракеткасы АҚШ-та өткен турнирдің жартылай финалында Рыбакинадан жеңілу себебін атады

Әлемнің бірінші ракеткасы АҚШ-та өткен турнирдің жартылай финалында Рыбакинадан жеңілу себебін атады
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свентек Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалында қазақстандық Елена Рыбакинаға қарсы кездесуде неліктен жеңе алмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ауыр матч. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бірақ Елена мықтырақ болды. Өкінішке қарай, қабырғам ауырсынды, маған ең жоғары деңгейімді көрсету қиын болды. Енді командамен ақылдасып, алдағы бірнеше күнді емделуге жұмсаймын», – делі поляк теннисшісі 2:6, 2:6 есебімен жеңілген соң.

Айта кетейік, Ига Свентек Елена Рыбакинамен төрт кездесуде үшінші рет жеңіліске ұшырады. Ол 14-15 сәуірде Астанада өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчы аясында есе қайтаруға тырысады.

Фото Getty Images

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер