Қазақстан U-17 қыздар құрамасына шақыртылған ойыншылар тізімі

Қазақстан U-17 қыздар құрамасына шақыртылған ойыншылар тізімі
news-banner7
mobile-news-top

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Босния және Герцеговинада өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Біздің қыздар 17-22 наурыз аралығында Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, содан соң Босния және Герцеговинаға аттанады.

Еске сала кетейік, Қазақстан қыздар құрамасы «В» Лигасының 2-тобында өнер көрсетеі. Қарсыластары – Әзербайжан, Черногория және Босния құрамалары. Барлық ойын Боснияның Углевик қаласында өтеді.

Қазақстан U-17 қыздар құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Ирина Кондрашова («Қайрат»), Мәдина Мұқанова, Дидар Накен (екеуі де – «Астана»);

Қорғаушылар: Айлина Жарқынбек («Тұран»), Сания Акчулакова, Анель Досболова, Аружан Тұяқбай (барлығы – «Қайрат»), Карина Ботабек, София Атаманенко, Гүлизат Рысбек (барлығы – БЖМОРСМ №17), Асыл Какен («Жетісу»), Аружан Саржанова («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Эльмира Абдулаева, Томирис Рахатжан, Адина Изимбаева, Жанель Таласбаева (барлығы – «Қайрат»), Виктория Цыганова, Вероника Пересунько (екеуі де – «Ақжайық»), Элина Ірісметова, Эльнура Катран (екеуі де – «Тұран»), Эльвира Махмутова (БЖМОРСМ №17), Юлия Шрам («Шахтер»);

Шабуылшылар: Жания Қошкарбай («Жетісу»), Назым Алданазар («Қайрат»), Валерия Попова (БЖМОРСМ №17);

Бапкерлер штабы: Мария Ялова – бас бапкер, Сюзанна Корнецова – бас бапкердің көмекшісі, Мәдина Шойкина – қақпашылар бапкері, Екатерина Красюкова – дене даярлы бапкері, Әсия Жиенғазина – врач, Әнуар Жандарбеков – менеджер.

Ойындар кестесі (Астана уақыты көрсетілген):

22.03.2023 | 19:00

Әзербайжан WU-17 – Қазақстан WU-17

25.03.2023 | 19:00

Қазақстан WU-17 – Черногория WU-17

28.03.2023 | 19:00

Қазақстан WU-17 – Босния және Герцеговина WU-17

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер