русский язык
Командалық

«Астана» ВТБ Бірегей лигасы матчында жеңіліп қалды

«Астана» ВТБ Бірегей лигасы матчында жеңіліп қалды

ВТБ Бірегей лигасы матчында «Астана» Саратовта «Автодормен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың бірінші жартысында қазақстандық команда қарсыластан ірі есеппен жеңіліп жатты. Кездесудің екінші бөлігінде қонақтар белсендірек шабуылдады, бірақ жеңісті жұлып әкете алмады.

Елордалық команда сапында Маркелл Джонсон 26 ұпай жинап, ең нәтижелі ойыншы атанды.

19 наурызда «Астана» Красноярскіде «Енисеймен» күш сынасады.

ВТБ Бірегей лигасы. 29-тур
«Автодор» — «Астана» 79:70 (23:11, 20:18, 18:27, 18:14).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;