Беларусь құрамасының қақпашысы Қазақстан чемпионатына ауысуы мүмкін

33 жастағы қақпашы Александр Гутор қазақстандық клубтардың біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Қақпашыға Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатында бақ сынайтын «Ақсу» қызығушылық танытып отыр.
Александр Гутордың соңғы клубы солигорсктік «Шахтер» болды. Қақпашы «Шахтёрда» екі жыл ойнап, 62 матчта 44 гол өткізіп, 27 ойында қақпасын голдан аман сақтады.