ACA-де жұдырықтасқан қазақстандық файтер OCTAGON-да жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер Нұрсұлтан Қасымханов (11-4) OCTAGON 43 турнирінде өнер көрсетеді.
Оның қарсыласы Иран спортшысы Мортеза Резаи (6-2) болады.
«Сұлтан» кейінгі жекпе-жектерін ACA лигасында өткізіп жүрді. Былтыр Мәскеуде өткен кеште ресейлік Алексей «Гладиатор» Полпудниковке есе жіберген еді.
Еске салайық, Айдинов пен Ақылбек уулу арасындағы жекпе-жек жеңіл салмақтағы гран-придің финалы болады және 22 наурызда Алматыдағы OCTAGON 43 ивенті аясында өтеді. Жеңімпаз чемпиондық белбеу мен 10 мың доллар алады.