Чемпиондар лигасы Төрттік финалының жеребесі тартылатын күн анықталды

Футзалдан 2022/2023 жылғы Чемпиондар лигасы жартылай финалының жұптары анықталатын күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еуропадағы басты клубтық турнирдің финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі 5 сәуірде Пальма-де-Майоркада (Испания) өтеді. Төрттік финал матчтары да аталған қалада 5-7 мамырда өтеді. Жеребе тарту рәсімі Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының Төрттік финалында испаниялық «Пальма Футзал», португалиялық «Спортинг» пен «Бенфика» және бельгиялық «Андерлехт» бақ сынайды.