ҚПЛ: 3-тур ойындарының тікелей трансляциясы

15 наурызда Шымкент пен Астанада футболдан Қазақстан чемпионатының 3-туры аясында екі ойын өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Атакенттік «Мақтаарал» Астана уақытымен 15:00-де «Атыраумен» кездеседі. «Мақтаарал» алғашқы екі турда бірде-бір ұпай алған жоқ, бүгін сол олқылықтың орнын толтыруға тырысады. Ал «Мұнайшылар» алғашқы екі турда 4 ұпай еншіледі, олар сол жеңісті жолды жалғауға ниетті.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де «Астана Аренада» көкшетаулық «Оқжетпес» пен петропавлдық «Қызыл-Жар» арасында матч өтеді. Солтүстікқазақстандық команда алғашқы екі турда ұпайдан шашау шығарған жоқ, «Оқжетпес» те бір мәрте жеңіске жетті.
Екі ойынды да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.