русский язык

Словения құрамасының бас бапкері: Қазақстан атағы жер жармаса да, мықты құрама

Словения құрамасының бас бапкері: Қазақстан атағы жер жармаса да, мықты құрама

Словения құрамасының бас бапкері Матьяж Кек ЕВРО-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстанмен өтетін алдағы ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тізім жасалды. Жарақатқа байланысты екі жаңа есім бар. Алдағы ойын жасанды алаңда өтеді. Қанша қиын болса да бізде жеңіске жетуге жігер жетеді. Қазақстан соңғы Ұлттар лигасында тамаша ойнады. Атағы жер жармаса да, мықты құрама. Сондықтан іріктеудің басы біз үшін оңайға соқпас.

Сарапқа салсақ, олардың өз алаңындағы және сырттағы ойынының айырмашылық аңғаруға болады. Жасанды төсеніштің де әсерін, көмегін жоққа шығаруға болмайды. Физикалық жағынан жақсы дайындалатын, өзіндік ырғағы бар, агрессивті команда. Оң нәтижеден үмітіміз болса, матч барысында батыл болуым керек», - деп келтіреді Кек NZS басылымына берген сұқбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;