Дзюдо

Дзюдодан Қазақстан құрамасының Анталиядағы «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын құрамы белгілі болды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының Анталиядағы «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын құрамы белгілі болды

Дзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамаларының бапкерлер штабы 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында өтетін «Үлкен дулыға» халықаралық турниріне қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер: Нұрқанат Серікбаев, Шерзод Давлатов (екеуі де 60 келіге дейін), Есет Қуанов, Гусман Кыргызбаев (екеуі де 66 келіге дейін), Данияр Шамшаев, Дархан Қойбағар (екеуі де 73 келіге дейін), Руслан Мусаев, Абылайхан Жұбаназар (екеуі де 81 келіге дейін), Дидар Хамза, Айдар Арапов (екеуі де 90 келіге дейін), Бекарыс Садуақас, Нұрлыхан Шархан (екеуі де 100 келіге дейін), Ғалымжан Қырықбай, Әділ Оразбаев (екеуі де 100 келіден жоғары).

Әйелдер: Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін), Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы (екеуіде 70 келіге дейін), Аруна Жангелдина (78 келіге дейін), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары).

Фото instagram.com/kyrgyzbayev.gusman

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0